«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» арнайы жобасы

Мақсаты – Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейін құру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту.

Міндеттері:
1. Көшпенділердің өнері мен технологияларының үлгілерін табу бойынша экспедицияларды ұйымдастыру.
2. Көшпенділердің тұрмысы мен мәдени заттарын қайта жаңғырта отырып, қолөнер шеберлерінің көрмелерін өткізу.
3. Қазақстан өңірлерінде тарихи реконструкциялау фестивальдерін өткізу.
4. Қосымша шынайылық элементтері бар виртуалды музейлер ашу.
5. Елдің әртүрлі өңірлерінде жылжымалы тақырыптық көрмелер ұйымдастыру.