«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру» арнайы жобасы

Мақсаты – латын графикасы негізінде қазақ тілін пайдалануға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Латын графикасына көшу процесін ұйымдастыруәдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

2. Кириллицадан латын әліпбиіне қайта кодтау бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және оны жаппай енгізуді қамтамасыз ету.
3. Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді білім беру ұйымдары арасында сынаудан өткізу.
4. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру шеңберінде филологтардың біліктілігін арттыру.