«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы

Мақсаты – Қазақстанның мәдени жетістіктерін әлемдік деңгейде танымал ету.

Міндеттері:
1. Әдебиет, гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазіргі заманғы қазақстандық қайраткерлердің үздік шығармаларын, суретшілердің, музыканттардың, мүсіншілердің шығармашылық жұмыстарын әлемдік алты тілге аудару.
2. Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің үздік шығармаларын ілгерілету.
3. Елде қазақстандық мәдениетті танымал ету, сондай-ақ Қазақстанның мәдени жетістіктерін шетелде танымал етуге жәрдемдесу.
4. Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті ілгерілету үшін материалды берудің заманауи формаларын әзірлеу және пайдалану.
5. Шығармашылық интеллигенцияны қолдау.