«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы

Мақсаты – қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау.

Міндеттері:
1. Ұлы дала мұрагерлері халық шығармашылығының үздік үлгілерін жинау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
2. Қазақтың шығармашылық мұрасын: музыка, музыкалық аспаптар, ауызша шығармашылық, ерекше музыкалық жанрларды (күй, жыр, айтыс) танымал ету.
3. Заманауи аудиторияға жақын және түсінікті форматтағы ауызша және музыкалық дәстүрлерді жаңғырту.
4. «Ұлы Даланың көне сарындары» жинағын дайындау – қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және т.б. үшін жасалған маңызды шығармалардың коллекциясы.