Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Әдебиет теориясы: Антология – 1 том – Literary Theory: an anthology

Аннотация:Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды …

Әдебиет теориясы: Антология – 1 том – Literary Theory: an anthology Читать полностью »

Қазіргі бизнес-коммуникация – Business Communication Today, 14th edition

Аннотация:Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы оқыту мақсатының нақтылығы студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Әр …

Қазіргі бизнес-коммуникация – Business Communication Today, 14th edition Читать полностью »

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері – Diplomacy: Communication and the Origins of International Order

Аннотация:Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері. Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия …

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері – Diplomacy: Communication and the Origins of International Order Читать полностью »

Ұйымдық мінез-құлық негіздері – Essentials of Organizational Behavior, 14th edition

Аннотация:Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті. …

Ұйымдық мінез-құлық негіздері – Essentials of Organizational Behavior, 14th edition Читать полностью »

HR-менеджментке кіріспе – An Introduction to Human Recource Management

Аннотация:Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан …

HR-менеджментке кіріспе – An Introduction to Human Recource Management Читать полностью »

Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке – International Business: Competing in the Global Marketplace, 12th edition

Аннотация:«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл – «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары …

Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке – International Business: Competing in the Global Marketplace, 12th edition Читать полностью »

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу – International Business Law and the Legal Environment A Transactional Approach, 3rd edition

Аннотация:Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады. Сондай-ақ, бұл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес …

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу – International Business Law and the Legal Environment A Transactional Approach, 3rd edition Читать полностью »

Халықаралық құқық – International Law

Аннотация:Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың …

Халықаралық құқық – International Law Читать полностью »

Батыс философиясының жаңа тарихы. 3-том. Қазіргі заман философиясының бастауы – The Rise of Modern Philosophy: A New History of Western Philosophy, Volume 3

Аннотация:Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық …

Батыс философиясының жаңа тарихы. 3-том. Қазіргі заман философиясының бастауы – The Rise of Modern Philosophy: A New History of Western Philosophy, Volume 3 Читать полностью »

Батыс философиясының жаңа тарихы. 4-том. Қазіргі заман философиясы – Philosophy in the Modern World: A New History of Western Philosophy, Volume 4

Аннотация:Бұл – философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің  өмірден озуымен аяқталатын ХІХ ғасырдың басты философтары қарастырылды. Қолыңыздағы төртінші томда ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады. «Қазіргі  заман философиясы» деп аталатын оқулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған. Сонымен қоса философия іліміне қызығушылық танытқан оқырманға да лайықталып жазылған. Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:– University of Oxford– University of Cambridge– …

Батыс философиясының жаңа тарихы. 4-том. Қазіргі заман философиясы – Philosophy in the Modern World: A New History of Western Philosophy, Volume 4 Читать полностью »