Танымдық-тағылымдық конференция
2017 жылы ұлтымыздың біртурар тұлғалары негізін салған, 20-ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының бір ғасырлық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы орайда биылғы жылы да «Алаш» қозғалысының бір ғасырлық шығармашылық мұрасын, тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты …