Қызылордада түркі жастарының халықаралық фестивалі өтеді

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде 19-21 қыркүйек аралығында түркі тілдес елдер жастарының «Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі» атты халықаралық фестиваль өтеді.

Халықаралық шараның басты мақсаты – түркі тілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарих пен құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша тәжірибе алмасу.

Республиканың барлық өңірінің жастарын қамту жоспарланған шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Әзірбайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысады деп күтілуде.

Дереккөз: Сыр Медиа