Шымкентте “Рухани жаңғыру” аясында “Ұлттық киім – ұлттың көркі” атты шара өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжімен бірлесе «Ұлттық киім – ұлттың көркі» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық киім түрлерін бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы етіп дайындау, жастардың эстетикалық талғамын, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихы мен ой – дүниесінің қайталанбас көрінісін Гүлжанар Дайрабайқызының жетекшілігімен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Мардан Сапарбаев институтының Парасат колледжі студенттері өз қолдарынан тігілген киім үлгілерін көрсетті.

Шара соңында орталық директоры Мәдениет саласының үздігі Ж. Тағаев қатысушы өнер иелеріне алғыс хат табыстады.

Сәбит Тастанбек