«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

2019 жылғы 13 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы» филиалы базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Сананың ашықтығы» арнайы жобасы аясында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу; қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру; кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, республикадағы көркемөнер білімінің сапасын арттыру.

Байқау барысында классикалық кескіндеме,  авангард және эксперименталды кескіндеме, «Менің Отаным» бағыттары бойынша жас суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, байқауға қатысушылар «Коллаж», «Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітаптардың иллюстрациясы» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасы жұмыстарда байқау өлшемшарттарына сәйкес 10 баллдық жүйе бойынша бағалады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Облыстық кезеңнiң нәтижесінде:

І дәрежелі диплом иегерлері:

– Тілепберген Бағжан – Сырдария ауданы, №135 орта мектеп, 9 сынып

– Ермек Айя – Қызылорда, №10 БИЛ

– Иманғалиева Лаура – Қармақшы ауданы, №275 орта мектеп, 11 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

– Еңсепова Мөлдір – Қармақшы ауданы, №277 орта мектеп, 10 сынып

– Өміртай Нұржайна – Жалағаш ауданы, №201 орта мектеп, 7 сынып

– Темірбекова Алуа – Сырдария ауданы, №137 орта мектеп, 5 сынып

– Бакрамов Алишер – Қызылорда, №9 БИЛ

– Лази Ақтолқын – Жалағаш ауданы, №33 орта мектеп, 9 сынып

– Сейітқали Әлішер – Қызылорда, №9 БИЛ

 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

– Қуатбай Әсел – Қазалы ауданы, №249 орта мектеп, 10 сынып

– Сұлтанахмет Салтанат – Қызылорда, №267 орта мектеп, 7 сынып

– Айтмағанбетова Дильназ – Қызылорда, №10 БИЛ

– Сейілханқызы Ғазиза – Қармақшы ауданы, №137 орта мектеп,11 сынып

– Пернебекова Дамира – Шиелі ауданы, №105 орта мектеп, 11 сынып

– Батқұл Жанел – Қызылорда, №4 ОДМИ, 9 сынып

– Тілепова Толғанай – Қазалы ауданы, №249 орта мектеп, 7 сынып

– Ибадулла Ажар – Қызылорда, №56 орта мектеп, 7 сынып

– Жұмағали Асия – Қызылорда, №10 БИЛ