Тіл және мәдениетаралық коммуникация

«Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулығы негізінде “Тіл – мәдениет айнасы” ойтолғау платформасы өтті. Шараға қаладағы студенттер, оқытушылар және тіл мамандары қатысты.

Мұндағы негізгі мақсат – бүгінгі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, өз ұл­ты­ның мәдениеті мен тілін қадірлейтін жас буынға Ел­басының бағдарламалық ма­­­қаласының негізгі мін­дет­­­терін нақты мысалдар не­гізінде түсіндіру жә­не талдау. Ең бастысы, креа­­тивті, заманауи ел жас­тарының бағыт-бағда­рын ай­қын­дайтын іс-шараға қол жеткізу.

– «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасының басты кри­терийі – саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет. Оның тірегі – «ұлттық код» пен «жаңғыру». Ұлт­тық код – ұлтымыздың же­ке дара құндылығы мен мол мұ­расы. Ал, жаңғыру – со­ны игере отырып, тари­хың­ды тану, өткеніңді же­тік біліп, болашағыңды нұр­лы ету. Міне, бүгінгі талқы­ла­нып отырған оқулық «Тіл біліміне кіріспе» оқулы­ғы­­мен қатар университет сту­денттеріне дәріс құ­ралы ретінде пайдаланылып келеді. Шәкірттеріміз осындай ұшан-теңіз ғылыми ақпарат бе­ретін кітап­тар­дың же­місін кө­руде,дейді Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мем­лекеттік уни­верситетінің қау­ымдасты­рылған профессоры Күл­­дір­сін Сарышова.

Жиынға қатысушылар аталған оқулықтан тіл мен мәдениет арқылы жасалған әлемді танып, сөйлеу мен коммуникацияның ішкі қи­ындықтарынан хабардар бол­ды. Әрі мәдениетаралық ком­муникация жайлы кең мағлұмат алды.

– «Тіл және мәдениет­ара­лық коммуникация» кі­та­бы – 100 жаңа оқулық ая­сындағы аудармалар­дың бі­рі. Мұнда лингвис­ти­ка­ның барлық аспектілері қам­тылған. Сонымен қатар, әр ұлттың тілдік ерекшеліктері мен ұлттық сипаты, болмысын ашып көрсеткен. Бір ерекшелігі, бұл кітап елші тәрізді, бір жағынан, ұлт пен ұлттың, түрлі этнос өкілдерінің өзара қатынасын достыққа итермелейді, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситеті журналистика мамандығының студенті Дас­тан Айтбай.

Сыр бойы