Дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар таразыланды

Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімдігі және «Рухани жаңғыру орталығы» ұйымдастыруымен «Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Жиынды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемов ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы К.Матыжанов «Балалар фольклорының тәрбиелік мәні», Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Қоңырбаева «Қазақ отбасының этномәдени құндылықтар негізіндегі әлеуметтендірушілік әлеуеті», ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жанбершиева «Тұрмағамбет шығармаларының ұлттық тәрбиемен сабақтастығы», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев «Моральдық-этикалық дәстүрлер – адамгершілік тәрбиенің бастауы», ҚМУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Жайлауова «Студент жастардың отбасы құндылығын қалыптастыру» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Дереккөз: Егемен Қазақстан