Қобыз үні тербеген кешен

“Жастар Ресурстық Орталығы” Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Төретам кенті мен Байқоңыр қаласы бойынша көп балалы отбасынан шыққан балалармен Қорқыт ата кесенесіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында Сыр елінің абызына айналған, мәңгілік өмір іздеген баба Қорқыттың өміріне шолу жасап, музейін аралау бақытына ие болды. Орталықтың мамандары қызықты ойындар даярлап, барар уақытты көңілді өткізді. Балалардың сәл де болсын көңілін көтеру мақсатында тәттілер таратып, бала шақтан болашаққа тәтті естеліктер қалдырды. Мәңгілік өмір болмаса да, қамсыз өмір армандаған балалар жылулық шеңберіне жиналып Қобыз үнімен армандарын жеткізгендей болды. Шара соңында, орталық мамандарымен естелік суретке түсті.