Облыс әкімінің Алғысымен марапатталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аймағымызда жүзеге асырылуына ерекше үлес қосып жүрген жерлестеріміз жетерлік.
Солардың бірқатары мереке қарсаңында Облыс әкімінің Алғысымен марапатталды. Олар ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айман Айтбаева және жырау, дәстүрлі өнердің дәріптеушісі, «Жыр мұра» жобасының жетекшісі Майра Сәрсенбаева.
Орталық директоры Уәлихан Серікұлы марапатталушыларға ыстық лебізін білдіре отырып, 2021 жылы да жаңа жобалар мен бастамаларды бірге жүзеге асыруға шақырды.