«I-VENT» инновациялық және бизнес жобалар форумы өтті

23 желтоқсан күні өткен «I-VENT» инновациялық және бизнес жобалар форумына Қызылорда облысы колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері және жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары қатысты. Іріктеу кезеңіне 27 жоба келіп түскен болатын. Соның ішінен 7 жоба үздік деп танылып бүгін комиссия құрамы алдында сарапқа түсті.
Форумның мақсаты: студенттер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен креативті ойлауын, кәсіпкерлік саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, ғылыми қызметте қабілет танытқан менеджмент қалыптасуына арқауболу. Сонымен қатар, ең дарынды оқушылар мен студенттерді анықтау және қолдау, әлемдегі қарқынды өзгерістер жағдайында бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. Бүгінгі қорытынды шара барысында үздік жоба иелеріне арнайы сертификаттар берілді. Және ғылыми жетекшілер тағайындалып, жұмысты ары қарай зерттеуге мүмкіндік туды. Еліміздің келешегі ғылым мен білімде. Оны өркендетуге осындай жастардың қосары үлесі сүбелі болары сөзсіз. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және «Болашақ» университеттерінің ұйытқы болуымен өткен ілкімді шара жалғасын таба бермек.