“Тәуелсіздік – жыр бесік мен тербелген” байқауының қорытындысы

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған “Тәуелсіздік – жыр бесік мен тербелген” атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық онлайн байқауының қорытынды отырысы өтті.
Аталмыш шараға облыстық “Рухани жаңғыру” орталығының бөлім басшысы Ә.Ж.Әбдіхалықова, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы және облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Е.Базарбектер қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен 125 қатысушының арасынан жас ерекшелігі бойынша 5-7 сынып оқушылары арасынан бас жүлдеге Шиелі ауданы, Ғ.Мұхамеджанов атындағы 270 мектептің оқушысы Жалғасова Жания, І орынға Жаңақорған ауданы, 169 орта мектептің 7 сынып оқушысы Жолмырзаева Инабат, ІІ орынға Қ.Мұхамеджанов атындағы 1 мектеп-гимназияның оқушысы Дарханқызы Айсел, ІІІ орынға Шиелі ауданы, 148 қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы Кеңесбек Гүлсезім лайық деп танылды.

ІІ деңгей бойынша 8 – 11 сынып оқушылары мен арнаулы оқу орындары студенттері арасынан бас жүлдеге Е.Әуелбеков атындағы 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 9 сынып оқушысы Жорабек Эльмира, І орынға 10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Еңілік Күнтөреева және Шиелі ауданы, Ғ.Мұхамеджанов атындағы 270 мектептің 8 сынып оқушысы Пернебайқызы Арайлым, ІІ орынға Байқоңыр қаласы, 275 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қолғанатова Ардақ және С.Сейфуллин атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Туребаева Нұрлы, ІІІ орынға Шиелі ауданы, 45 “Ақ-Орда” мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Кішібаева Айерке және Шиелі ауданы, 219 орта мектептің 10 сынып оқушысы Медетханова Жания ие болды.

Марапат иелерінің дипломдары және қатысушыларға ынталандыру Алғыс хаттары жұмыстар келіп түскен эл.пошталарға 25 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін жолданады.