«Хорасан ата» кесенесі

«Хорасан ата» кесенесі – ақылгөй, данышпан, өз заманында дінбасы болған Әбдіжәлил баб жатқан жер. Шамамен ІХ ғасырда өмір сүрген ол – Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін таратушылардың бірі, Әзірет Әлінің 8-ші ұрпағы саналатын Ысқақ бабтың інісі. Оның Хорасан ата атануының да өзіндік сыры бар. Ондаған мың қолымен Хорасан қаласын басып алған бас қолбасшыны ел бертін келе осы қаланың атымен атап кеткен көрінеді. Оның осы өңірге келуі жөнінде Сыр бойын жағалап, Өзкент, Баршынкент, Жаптырсен, Жаркент арқылы Сейхундарияның сол жағалауына, одан бері Қызылқұм өңіріндегі Тотықұс аралын басып өтіп, Жаңақорғанды қоныстанған деген дерек бар. Кешен Жаңақорған кентінен 33-35 шақырымда. Бүгінгі қалпындағы кешен 1890 жылы басталып, 1898 жылы біткен. Ал 2006 жылы қайтадан кірпіштен қаланып, күмбезделген.

Видео «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ сайтынан алынды