«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» онлайн мүшайрасының қорытындысы

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» тақырыбында қазақ ұлтының адамгершілік-этикалық болмысы жайлы жас ақындар арасында онлайн мүшайра өткізілді.

Мүшайраға аймағымыздың жоғары, арнаулы оқу орындарының білім алушыларымен қатар, мектеп оқушылары да қатысты.

Мүшайра қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.

Бас жүлдеге Жалғасбекұлы Шернияз, I орынға Қалиев Ердәулет, II орынға Өмірзақ Ақниет, III орынға Әшірбай Айсұлтан лайық деп танылса, Тұрымова Арайлым «Жалын» номинациясын жеңіп алды.

Мүшайраға қатысқан жас ақындардың шығармашылығын сарапқа салуға белгілі ақындар Бердіқожа Назгүл, Дауылбай Мақсат және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Тілес Талғат Оспанұлы қатысты.