«Біздің отбасының құнды жәдігерлері» онлайн сайысының қорытындысы

16 қазан – 10 қараша аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас зерттеушілердің «Біздің отбасының құнды жәдігерлері» тақырыбындағы облыстық on-line жоба жазу сайысы өткізілді. Сайыс екі кезеңмен өтті. Бірінші іріктеу кезеңге барлығы 114 жоба келіп түсті. 2020 жылғы 11 қараша күні әділ-қазылар алқасы іріктеу турын өткізіп, қорытынды кезеңге 17 оқушының жұмысы өтті.

13 қараша күні ZOOM платформасы арқылы сайыстың қорытынды кезеңі өткізілді. Қорытынды кезеңге 17 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындарға (Бас жүлде – 2, І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5) ие болса, 21 оқушы әр түрлі номинацияларға, 51 оқушы Алғыс хатқа ие болды.

Бас жүлде:
1. Шайкуллаев Ардан – Қармақшы ауданы, Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектептің 5 сынып оқушысы
2. Бақытжан Аружан – Қазалы ауданы, №25 орта мектептің 8 сынып оқушысы

І орын:
1. Әбдіманап Ұлан – Шиелі ауданы, №181 орта мектептің 6 сынып оқушысы
2. Айтбай Төрехан – Жалағаш ауданы, №116 орта мектептің 5 сынып оқушысы
3. Қолдасбай Ақерке – Қазалы ауданы, №276 орта мектептің 8 сынып оқушысы
4. Қайырғали Асылжан – Қызылорда қаласы, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы

ІІ орын:
1. Құрманәлі Гүлсезім – Шиелі ауданы, Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы
2. Серікқали Ақерке – Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің 6 сынып оқушысы
3. Замадинова Аяулым – Қазалы ауданы, №276 орта мектептің 8 сынып оқушысы
4. Бекболатқызы Ақжібек – Қармақшы ауданы, №107 орта мектептің 8 сынып оқушысы

ІІІ орын:
1. Сахит Мұрагер – Қазалы ауданы, №96 орта мектептің 6 сынып оқушысы
2. Шынжырбеков Нұрасыл – Қармақшы ауданы, №277 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы
3. Жамбыл Дәулет – Жалағаш ауданы, №114 орта мектептің 8 сынып оқушысы
4. Өмірзақ Аружан – Қазалы ауданы, №165 орта мектептің 8 сынып оқушысы
5. Нұрланқызы Меруерт – Қазалы ауданы, №94 орта мектептің 7 сынып оқушысы

Номинациялар
1. Ізенова Гүлдер – «Музыкалық ұлттық аспап ұстасын дәріптеуші» номинациясы, Жалағаш ауданы, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп, 8 сынып оқушысы
2. Камаламова Инаят – «Көне жәдігерді үздік сақтаушы» номинациясы, Арал ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп, 6 сынып оқушысы
3. Оразова Ақбибі – «Ұлттық кәсіпті жалғастырушы» номинациясы, Жалағаш ауданы, №33 орта мектеп, 5 сынып оқушысы
4. Асылбек Жанерке – «Үздік бейнетаныстырылым» номинациясы, Арал ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп, 6 сынып оқушысы
5. Бөлегенова Аружан – «Үздік презентация» номинациясы, Арал ауданы, №83 орта мектеп, 8 сынып оқушысы
6. Жандосқызы Жанерке – «Ескі жәдігерлер топтамасы» номинациясы, Арал ауданы, №83 орта мектеп, 6 сынып оқушысы
7. Тоқтарбай Ақтолқын – «Көне жәдігерді үздік сақтаушы» номинациясы, Сырдария ауданы, №44 орта мектеп, 7 сынып оқушысы
8. Бақытбекқызы Сәбинұр – «Үздік ізденуші» номинациясы, Сырдария ауданы, №126 орта мектеп, 6 сынып оқушысы
9. Әбубәкір Бибінұр – «Отбасы құндылығын насихаттаушы» номинациясы, Қазалы ауданы, №78 орта мектеп, 6 сынып оқушысы
10. Бабаомар Қарақат – «Жәдігерді үздік сақтаушы» номинациясы, Шиелі ауданы, Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп-лицей, 7 сынып оқушысы
11. Бағдатқызы Жаннұр – «Рухани жәдігер» номинациясы, Сырдария ауданы, Ә.Жәмішев атындағы №129 мектеп-лицей, 5 сынып оқушысы
12. Қазулла Әділет – «Жаңашыл зерттеуші» номинациясы, Қызылорда қаласы, С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицей, 7 сынып оқушысы
13. Тәңірберген Жанбота – «Жаңашыл зерттеуші» номинациясы, Сырдария ауданы, Ә.Жәмішев атындағы №129 мектеп-лицей, 8 сынып оқушысы
14. Өтепқали Жангүл – «Көне жәдігерді зерттеуші» номинациясы, Қызылорда қаласы, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей, 7 сынып оқушысы
15. Орынбасар Томирис – «Сирек жәдігерді зерттеуші» номинациясы, Қызылорда қаласы, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей, 5 сынып оқушысы
16. Адилкереева Нұрай – «Сирек жәдігерді зерттеуші» номинациясы, Арал ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп, 8 сынып оқушысы
17. Сағат Айзере – «Шығармашыл ізденуші» номинациясы, Қызылорда қаласы, М.Сужиков атындағы №6 орта мектеп, 7 сынып оқушысы
18. Ахметов Әмірбек – «Құнды жәдігер сақтаушы» номинациясы, Қызылорда қаласы, М.Сужиков атындағы №6 орта мектеп, 8 сынып оқушысы
19. Оңдасынова Роза – «Құндылығын жоймаған жәдігер» номинациясы, Қазалы ауданы, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей, 6 сынып оқушысы
20. Қожантай Ғазиз – «Ұстахана өндірісін дәріптеуші» номинациясы, Жалағаш ауданы, А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп, 7 сынып оқушысы
21. Жоламан Нұртуған – «Ең жас зерттеуші» номинациясы, Жалағаш ауданы, №203 орта мектеп, 5 сынып оқушысы