«Менің ұстазым» тақырыбында эссе жазу бойынша облыстық онлайн байқауының қорытындысы

15 қыркүйек – 2 қазан аралығында мұғалімдер күніне орай «Менің ұстазым» тақырыбында эссе жазу бойынша облыстық онлайн байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметімен қолға алынған «Педагог мәртебесі» Заңының жүзеге асырылуына қолдау білдіру, жас ұрпақ санасында ұстаздар қауымына деген құрметті одан әрі қалыптастыру, шығармашылық жұмыстарға икемді оқушыларды анықтап, оларды қанаттандыру, қашықтықтан оқыту жағдайында ұстаз бен оқушы арасындағы байланысты күшейту. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары барлығы 117 жұмыс ұсынды. Әділ-қазылар алқасының шешімімен 8 оқушы жүлделі орындарға (Бас жүлде – 1, І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 4) ие болды.

Бас жүлде иегері:
Бижанова Рания – Қармақшы ауданы, №277 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы;

І орын иегері:
Нағашыбай Айида – Қазалы ауданы, №93 орта мектептің 9 сынып оқушысы;

ІІ орын иегерлері:
Абдрахман Аягөз – Қызылорда қаласы, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы;
Енсепбайқызы Назерке – Арал ауданы, Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы;

ІІІ орын иегерлері:
Русланқызы Дильнара – Қызылорда қаласы, №176 орта мектептің 5 сынып оқушысы;
Тұрымбетова Ұлдай – Қызылорда қаласы, Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
Мейрамбекқызы Ұлдана – Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
Қалыбек Ақерке – Жалағаш ауданы, №116 орта мектептің 9 сынып оқушысы.