Менің жетістігімнің тарихы – КЕҢШІЛІК БАУЫРЖАН

“Менің жетістігімнің тарихы” жобасының келесі қонағы – Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында Қызылорда қалалық “Жастар ресурстық орталығының” директоры, республикалық дәрежедегі пікірсайысшы, тренер, облыс әкімінің “Сыр үміті” сыйлығының иегері Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы Сыр жастары үшін арнайы тренинг өткізеді. Қарапайым бала республикалық пікірсайысшылар арасынан өз орнын қалыптастырып, облыстық жастар саясатында қалай көтерілді? Аталмыш сұрақтар жауабын өз аузынан естиміз.

Шараның өтетін орны: облыстық “Рухани жаңғыру” орталығы
Өтетін мерзімі: 19 қыркүйек, сағ. 11.00

Сонымен қатар, орталықтың @ruhani_jangyru_kzo Инстаграм парақшасында да тікелей эфирден тамашалай аласыздар.