Психолог-тренер, көшбасшы, мотиватор Аймаханова Назира Кенжебекқызы жастармен кездесті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында психолог-тренер, көшбасшы, мотиватор Аймаханова Назира Кенжебекқызының орталық жанындағы ерікті жастармен кездесуі өтті.
«Менің жетістіктерімнің тарихы» тақырыбының аясында сөз қозғалып, арнайы тренинг жүргізілді. Басқосудың алғысөзінде орталық директоры Уәлихан Серікұлы “ұлттық тәрбие, жастардың қоғамдағы рөлі” төңірегінде ой өрбітті. Кәсіби маман, психологпен өтетін кездесуден құлағдар болған жастар көп жиналды. Олар өздерін толғандырған сауалдарды іркіп қалмай, белсенділік танытты. Кездесудің мақсаты да сол, жастардың санасын сілкіп, рухын көтеру. Ол меже орындалған сыңайлы. Себебі, төмендегі пікірлер соны аңғартса керек.
Sherniaz Zhalgas:

Облысымыздағы “Рухани Жаңғыру” орталығының жұмысына қала тұрғыны ретінде көңілім толады. Түрлі жобалар аясында атаулы жұмыстар жасалуда. Соның бірі, “Еңбек – елдің мұраты” жобасы аясында ұйымдастырылған “Менің жетістігімнің тарихы” атты кездесулер легі. Өз саласының озықтарын спикер ретінде сұхбат алаңына шақыратын жобаның алғашқы қонағы өңірімізге танымал психолог, ардақты ұстаз Аймаханова Назира Кенжебекқызы болды. Келген қатысушылардың жас ерекшелігі әр түрлі, арман қуып енді ғана студент атанған жастардан бастап, жас ата-аналарға дейін қатысты. Бұлда бір шараның өз бағытын айқындап, қоғам алдындағы маңыздылығын білдіреді деп пікір білдіргім келеді. Кездесу барысында Назира ханым еңбек жолына тоқталып, түрлі салада жинаған тың тәжірибесімен бөлісті. Қарапайым ауыл қызынан ел таныған тұлғаға дейінгі сара да, дара жол кім-кімді болмасын қызықтыратыны сөзсіз. Жастар өз тарапынан аса қызығушылық танытып, қарсы байланыс ретінде қызыққан сұрақтарын жолдады. Жобаның бір мақсаты маман кеңесі деп білемін. Қатысушылар сауалдары арқылы кәсіби маманнан психологиялық кеңес алды. Бас аяғы 4 сағаттан аса уақытқа созылған кездесу өз межесінен шықты деп ойлаймын. Алдағы уақытта өз жалғасын тауып, түрлі тұлғалармен толысатынына қуаныштымын.

Айнұр Жаппарқызы:

Бүгінгі өткізілген семинарды жас мамандар чатынан көріп келдім, және де келгеніме қуаныштымын. Осы семинардан алған әсерім өте жоғары. Бұл семинарда Назира апайға үлкен алғысымды, рахметімді айтқым келеді. Өз ісінің маманы. Ұлт жанашыры. Семинарды өз деңгейінде өткізді. Барлық тәжірибесімен бөлісті. Семинар ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бұл семинардан: бойымдағы қорқыныштан арылуға, батыл, нық қадамдар жасауыма және де алға қойған мақстыма жетуім үшін, ниеттің адал болуына, әрдайым жоспардың болуына үйрендім. Халықтың алғысына бөленіп, еңбегіңіздің нәтижесін көре беріңіз. Сізге үлкен Рахмет.

Елутай Тоғжан:

Мен бүгінгі шарадан не ала алдым? Ең керемет деңгейде мотивация ала алдым, өмірге деген көзқарасым бәрі өзгере білді, бойымдағы жаман қасиетті шамалы болсын өшіре білдім деген ойдамын. Ең бастысы, Апайым, Сізге үлкен алғыс.