Қоғам белсендісі Болат Нұрхожаевпен сұхбат

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.
Қазіргі таңда отбасының шырқы бұзылып, ажырасу салдарынан бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болуы жиі кездеседі. Ер баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де отбасындағы тәрбиенің кемшін тұстарынан бастау алса керек. “Әкесіз өскен ер азамат анасының құрсағынан балабақшадағы тәрбиеші апайдын қолында 2-3 жыл тәрбие алса, мектептегі ұстаздарынан 12 жыл білім алады. Ал жастайынан әйел азаматтын тәрбиесін алып келе жатқан ер бала ынжық мінезді және психологиялық сынғыш болып келеді” деп жантанушылар дабыл қағуда. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Отбасы күніне орай, бала тәрбиесін ұлттық таным-тәрбиеге негіздеген қоғам белсендісі Болат Нұрхожаевпен сұхбаттасқан едік.