“Менің ұстазым” тақырыбындағы облыстық эссе байқауы өтеді

«Менің ұстазым» тақырыбында эссе жазу бойынша
облыстық онлайн байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже мұғалімдер күніне орай «Менің ұстазым» тақырыбында эссе жазу бойынша облыстық онлайн байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің мақсаттарын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын анықтайды.
1.2. Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы жүзеге асырады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Қазақстан Республикасы Үкіметімен қолға алынған «Педагог мәртебесі» Заңының жүзеге асырылуына қолдау білдіру;
– жас ұрпақ санасында ұстаздар қауымына деген құрметті одан әрі қалыптастыру;
– шығармашылық жұмыстарға икемді оқушыларды анықтап, оларды қанаттандыру;
– қашықтықтан оқыту жағдайында ұстаз бен оқушы арасындағы байланысты күшейту.

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Эссе байқауы 2020 жылғы 15 қыркүйек – 2 қазан аралығында өткізіледі.
3.2. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары қатысады. Әрбір өтініш беруші бір ғана конкурстық жұмыс бере алады. Байқауға қатысушылар тақырып аясында 1-2 беттен тұратын эссе жұмысын
а.ж. 30 қыркүйегіне дейін ruh.ortaliqkz@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет (Ескерту: 30 қыркүйек сағ. 18.00-ден кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды).
3.3. Байқауға жолданған жұмыстарды іріктеу а.ж. 1 қазанында Қызылорда қаласы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы базасында қашықтықтан өткізіледі.
3.4. Ұйымдастырушы:
– конкурстық (сарапшылар) байқау комиссиясы мүшелерінің құрамы мен байқауға қойылатын талап-шарттарын белгілеп, бекітеді;
– барлық конкурстық рәсімдер мен марапаттау тәртібін айқындайды және қамтамасыз етеді;
– байқаудың нәтижелерін бекітеді;
– тиісті органдарға жеңімпаздар жұмыстарын ұсынады;
– байқау нәтижелері туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, орталықтың ресми сайтында (syr-eli.kz) орналастырады.

4. Эссе жұмысына қойылатын талаптар
4.1. Материалдың мәтіні А4 форматында болуы тиіс. Бет саны 1-2 бет. Құжат MS Word 2010 форматында болуы тиіс. Қаріп түрі Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
4.2. Эссе мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
– эссе тақырыбы (қою әріппен);
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– байланыс мәліметтері (ұялы телефон, электронды пошта).
4.3. Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына Байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде жарияланбаған болуы шарт.
4.4. Конкурсқа материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

5. Бағалау критерийлері
5.1. Ең үздік эссені іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

6. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Эссе байқауына ұсынылған жұмыстарды байқау комиссиясы бағалайды. Ұпай саны бағалау талаптарын есепке ала отырып анықталады. Қойылған ұпайлар ақтық болып табылады. Қазылар алқасының шешімімен Ереже талаптарына сәйкес келмейтін эсселер қабылданбауы мүмкін.
6.2. Байқау қорытындысы байқау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіліп, орталықтың ресми сайтында а.ж. 2 қазан күні жарияланады.
6.3. Байқау жеңімпаздары облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломдарымен (Бас жүлде – 1, І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3) марапатталады. Үздік жұмыстар облыстағы басылым беттерінде жарияланады. Байқау қатысушыларына арнайы Алғыс хаттар беріледі. Дипломдар мен Алғыс хаттар қатысушылардың электронды пошталарына жолданады.

7. Байқауды ұйымдастырушылармен байланыс
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, 5А ғимарат
Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы
8 (7242) 30 38 55, 30 00 90
Жауапты: орталық маманы – Абушеева Жұлдыз Арунқызы
e-mail: ruh.ortaliqkz@mail.ru