Жаңа оқу жылына базарлық

Алдымызда келе жатқан қос мереке, 30 тамыз – Конституция күні және 1 қыркүйек – Білім күнінің құрметіне орай, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұжымы атынан қаламыздағы 20 отбасының бүлдіршіндеріне жаңа оқу жылына базарлық ретінде мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
Еліміздің болашағы бүлдіршіндер қауымына жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, сәттіліктер тілейміз!