“Волонтерлер Фронт Офисінің” әнұранына байқау

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының жанындағы «Волонтерлер Фронт Офисі».

Байқаудың мақсаты: «Волонтерлар Фронт Офисінің» әнұранын анықтау және жарыққа шығару.

Шараның өткізілу тәртібі мен шарттары: «Волонтерлер Фронт Офисінің» әнұранын анықтау мақсатында БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер арқылы көпшілік арасында жарияланады. Байқауға қатысушылар әнұранға ұсынылатын материалдарының сөзін және әуенін қоса әкелуі қажет. Ұсынылатын материалдар бұрын еш жерде жарияланбаған тың дүниелер болуы міндетті. Авторлық құрам 2 адам (ақын, композитор) немесе бірнеше адамнан құралған топ болуына рұқсат етіледі.

Сөзін жазу барысында ақынға ұсынылатын бағыттар: Сыр еріктілері, Сыр жастарының және ерікті түрдегі қайырымдылық көрсеткен жандардың жұмыстары, республикалық «Біз біргеміз» акциясы, «Волонтерлер Фронт Офисінің» жұмыс бағыттары.  

Автор материалының жалпы құрылысына, сауаттылығы мен жазушының тіл байлығына, әуенінің тазалығына  мән беріледі.

Қазылар алқасы және жеңімпаздарды анықтау: Барлық материалдар жинақталып, арнайы қазылар алқасына ұсынылады.

Қазылар алқасын ұйымдастырушы тарап тағайындалады. Қазылар алқасының құрамына арнайы сала мамандары тартылатын болады. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қаралмайды. Ұсынылған материалдардан ең үздігі таңдалып, «Волонтерлер Фронт Офисінің» әнұраны ретінде бекітіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз топқа 100 мың теңге сыйлық ақы және арнайы алғыс хат тапсырылады. Жеңімпаз тұлғалардан  авторлық құқықты алу рәсімі өткізіледі.

Барлық қатысушы тарапқа арнайы алғыс хаттар тапсырылып, байқау қорытындысы әлеуметтік желілерге жарияланады.  

 Мерзімі және қорытынды: Байқау 2020 жылдың 17 тамызына дейін жалғасады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 702 842 93 02 (Нұрлытаң) нөміріне хабарласуға болады.

Қатысушалар барлық материалдарын Bota9501@mail.ru (Саймағанбетов Нұрлытаң) электронды почтасына жолдауы қажет.