«Бүгінгі күннің батырлары» атты онлайн шара

Назарларыңызға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған Еріктілер «Фронт офисінің» ұйымдастыруымен өткізілетін «Бүгінгі күннің батырлары» атты онлайн шарамызды ұсынамыз.
Шараның негізгі мақсаты: Пандемиямен күрес барысында халыққа қолдау білдіріп, қорған бола білген замандастарымыздың ерлігін көпшілікке насихаттау.
Шараның өткізілу тәртібі мен шарттары:
Шара Қызылорда «Рухани жаңғыру» орталығының Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жүргізіледі. Қатысушылар «Рухани жаңғыру» орталығы парақшасын белгілеп, Қызылорда облысы аймағындағы дәрігерлерден, төтенше жағдай қызметкерлерінен, кәсіпкерлерден, ерікті тұлғалар және өзгеде қайырымды жандар арасынан өз қалауы бойынша кейіпкерді таңдап немесе жалпылама түрде қиын сәтте ел үшін жасаған ерліктері мен еңбектерін шығармаға арқау ете отырып баяндауы тиіс.
Ұсынылатын арнайы белгілер (хэштег):
#бүгінгі_заманның_батырлары
#жаныңда_жүр_жақсы_адам
#жүрегі_жомарт_жандар
#шын_жүректен
Мәтіннің жалпы құрылысына, сауаттылығы мен жазушының тіл байлығына мән беріледі.
Үздік шығармалар іріктеліп, аймағымыздың БАҚ беттерінде және «Рухани жаңғыру» орталығының Syr-eli.kz сайтына мақала ретінде жарыққа шығарылады.
Сонымен бірге, үздік туынды кейіпкерлерін көпшілікке насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» орталығы тарапынан арнайы бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге орналастырылады.
Сындарлы сәтте елге демеу болған жандардың жұмысын насихаттаушы шығарма иелері мен кейіпкерлеріне орталық тарапынан арнайы Алғыс Хаттар табысталады.
Маңызды: «Бүгінгі күннің батырлары» облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының Youtube хостындағы «Тұлға» айдарының кейіпкері болады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 842 93 02 (Нұрлытаң) нөміріне хабарласуға болады.