«Сыр өнімі» атты бейнероликтер байқауы

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық PodarKing сыйлықтар орталығының демеушілігімен Сыр өңірінде алғаш рет жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Сыр өнімі» атты бейнероликтер байқауы жарияланады.
Байқаудың шарты бойынша жергілікті кәсіпкерлер жұмысын (өндірілген тауарын, түрлерін, сапасын, халықты жұмыспен қамту барысы, ел экономикасына тигізер үлесі, қайырымдылық және меценаттық жұмыстары т.б.) толықтай аша білуі шарт.
Арнайы «Халық таңдауы» номинациясы әлеуметтік желідегі көпшіліктің дауысы арқылы анықталады.
Бас жүлденің және «Халық таңдауы» номинациясының кейіпкерлеріне (кәсіпкерлерге) “Рухани жаңғыру” орталығы тарапының мамандары бейне түсірілім жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жарияланады.
Жеңімпаздарды (I, II, III орындар, “Халық таңдауы” номинациясы) бағалы сыйлықтар күтуде. Аймағымыздың сапалы өнімдерін бірге таңдайық ағайын!
Байқау 26 мамыр – 1 шілде (сағат 00:00-ге дейін) аралығында жүргізіледі.