«Қазағымның жанысың сен, домбыра!» челленджі

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұлт құндылығы бағытындағы кезекті жобаны қолға алды. Ата – бабамыздан жеткен төл аспабымыз – домбыраны жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазағымның жанысың сен, домбыра!» атты челлендж арқылы таланттарымыздың өнерін (ән, күй) көпшілікке жариялайтын боламыз. Еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз! Бабалар аманаты жолында бірігуге шақырамыз!

Барлық сұрақтар бойынша 87028429302 Нұрлытыңға хабарласып сұрасаңыздар болады.