“Атамнан қалған естелік” жобасы

Қайырлы күн достар! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, облыстық “Рухани жаңғыру” орталығы “Атамнан қалған естелік” атты керемет жобаны қолға алды. Мақсатымыз: от пен оқтың ортасында ажалмен бетпе бет арпалысқан майдангерлер ерлігін көпшілікке жариялау, еліміздің болашағы жастарымызға үлгі ету.
Егер Сіздің үйіңізде батыр атаңыздан (әжеңізден) қалған хаттар, естеліктер, фотолар немесе өзгеде құнды дүниелер болса. Сонымен қатар, атаңыз жайында мақалалар, сұхбаттар, ерлігі баяндалған өзгеде дүниелер сақталса бізге хабарласыңыз. Біз батыр атаңызды бағдарламамызға арқау етіп, бейне түсірілім жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Алашымыздың көгінде көк тудың желбіреуінде майдангер аталарымыздың еңбегі ұшан теңіз. Батыр бабалар ерлігі Тәуелсіздік ұрпақтарының мәңгілік жүрегінде.

Барлық сұрақтар бойынша 87028429302 Нұрлытыңға хабарласып сұрасаңыздар болады.