Тағайындау

«Сыр Медиа» ЖШС Бас директорының бұйрығымен 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап Саймосаев Оңғар Әлімұлы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Атамекен» бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Оңғар Әлімұлы 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

2011 жылы – «Болашақ» университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.

Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтап, қызметіне сәттілік тілейміз!