Тағайындау

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің келісіміне сәйкес «Сыр Медиа» ЖШС-нің құрамындағы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры лауазымына Ибраев Уәлихан Серікұлы тағайындалды.
Уәлихан Серікұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1998-2002 ж.ж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 2003-2006 ж.ж. – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтында күндізгі бөлім аспирантурасында оқыған. Жоғары білімді, тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік унивеситетінде Жалпы тарих кафедрасының ассистенті болып бастаған. Бүгінгі күнге дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушылық, аға оқытушылық, ғылыми және әкімшілік қызметтерді абыроймен атқарып келген.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2015-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-інің директоры қызметтерін атқарған.
Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тілейміз!