Тынымсыз еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі

Әлемнің алпауыт мемлекет басшылары мойындаған қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жазған «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласын оқып отырып тарих беттерін парақтағандай болады екенсің. Өзін ел бірлігі, татулығы мен экономикалық даму жолына арнаған біртуар азаматтың тынымсыз еңбегін айтпасқа келмес.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Уинстон Черчилльдің «Қиын уақытта елді мықты басшы басқаруы керек» деген сөзін басшылыққа алады. Қазақстанға қатысты қарасақ, саясат алыбының бұл тұжырымы өте өзекті, өйткені мұндай басшылықсыз ел оң өзгерістер жасай алмас еді. Елбасы өзі атап өткендей, реформалардың нәтижесінде ең басты мақсатқа – адамдардың психологиясын өзгертуге қол жетті. Сондықтан Францияның экс-президенті, көрнекті саясаткер Жак Ширак: «Франция 1991 жылдан бергі өзгерістерді өте маңызды әрі шешуші өзгерістер санайды. Белгісіздік және күрделілік жағдайында Сіздің еліңіз мемлекеттік құрылыстың кері айналмайтын жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтары мен ұзақ тарихына адалдық танытып, адамзаттың ортақ демократиялық қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейімділігін көрсетті» деп зор бағасын бере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру, дін мен мәдениеттер арасындағы диалогтарды дамыту іспетті бастамаларын қолдайтынын жеткізді», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Бүгінгі күні индустрияландыру бағдарламаларының жолға қойылып, жаңа кәсіпорындар ашылып, бизнесте бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасып қалғаны қуантады. Жас маман ретінде мені елдің экономикалық жағдайы мен ішкі туризм саласы қашанда қызықтырған.
Жас болса да еңсесін биік көтерген еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпауымыз керек.

Нұрсұлтан Хабидуллаұлы
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының маманы