Дипломатиялық қасиетін бағалаймын

«Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымызбен алғаш танысқан сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің даму барысын баяндайды. Кеңес заманында Қытай Халық Республикасына жасаған сапарында Елбасының көрегенділігіне, дипломатиялық қасиетіне, көшбасшылығына қайран қалып, «түбінде осы кісі ел тұтқасын ұстар» деген ойын жеткізеді. Расында 5 жылдан соң Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның басшылығына келеді.
Сонымен қатар, әлемдік аренада жер көлемі бойынша 9-шы орынды иеленетін мемлекеттің тәуелсіздіктің алғашқы күндеріндегі қиыншылықтары және оны абыроймен еңсере білуі сөз болады. Егемендіктің Тұңғыш Президентіміз бастаған әр жылдардағы елеулі жетістіктер мен айтулы оқиғаларын баяндап, әсерлі естеліктерімен бөліседі.
Сындарлы шақта Елбасының өзіне үлкен сенім артып, зор жауапкершілікпен ел тізгінін ұстатқанын айта келе, әрі қарайғы мемлекет бағыты сабақтастық боларын еске салды. Яғни, тұңғыш Президенттің сарабдал саясатын, өзге мемлекеттермен достастық бағытын, этносаралық татулығын жоғары бағалап, бұл одан әрі жалғаса бермек деп өз ойын түйіндеді Қасым Жомарт Кемелұлы.

Нұрлытаң САЙМАҒАМБЕТОВ,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының
маманы