«Қазағымның жанысың сен, домбыра!» челленджі

«Рухани жаңғыру» орталығы ұлт құндылығы бағытындағы кезекті жобаны қолға алды. Ата – бабамыздан жеткен төл аспабымыз домбыраны жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазағымның жанысың сен, домбыра!» атты челлендж арқылы таланттарымыздың өнерін әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке (толық аты жөні, оқу орны, ауданын көрсете отырып) жариялайтын боламыз. Еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз! Бабалар аманаты жолында бірігуге шақырамыз!
Барлық сұрақтар бойынша орталық маманы Нұрлытыңға (8 702 842 93 02 ватсап) хабарласып сұрасаңыздар болады.