«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» онлайн байқауына қатысуға шақырамыз

Қайырлы күн достар! Кітапсүйер жастар үшін ерекше байқау жариялаймыз. Төтенше жағдай уақытында үйде отырып қатыса аласыз.
– Байқаудың мақсаты: жастарымызды фейсбук әлеуметтік желісіне тарту және кітап оқу арқылы өз ой – өрісі мен тілдік қабілетінің одан әрі артуына ықпал жасау.
– Шарт бойынша белгілі бір кітапты алып, ол кітапты не үшін бастағандығыңыз туралы бөлісесіз. Оқып болғаннан кейін өз тіліңізбен кітаптің мазмұнын жеткізіп әлеуметтік желіге жариялайсыз. Байқау фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Рухани Жаңғыру Орталығы» парақшасына #кітап_қымбат_қазына белгісімен жариялануы тиіс.
– Сәуір айының соңғы күніне дейін уақытыңыз бар.
– Жеңімпаз арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталатын болады.
Толық ақпарат: 8-702-842-93-02 Нұрлытаң.

Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі