Бақытты шаңырақ және бала тәрбиесі

Бүгін қоғамда тәрбие негізін отбасыдан бастаудың өзіндік салмағы бар. “Жаңарған Жаңақорған жастарының” бастамасымен жас отбасылармен “Бақытты шаңырақ және бала тәрбиесі” атты семинар-тренинг өтті.

Тағдыр тамшыларының ең нәрлісi бipлесiп күн көретін отбасы құндылығы. Қоғамдық тұрғыдан қажеттіліктерді қанағаттандыратын туыстық қатынастың қазақ қағидасынан құламауына азда болса негіз болар кеште көп отбасылар белсенділік танытты.
Үйдегі кез келген мәселе, оның ішінде ұрыс-керіс баланың психологиясына кері әсер тигізері анық. Осы орайда, облысымызға белгілі психолог Сымбат Абдрахманова отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде кеңестер беріп, тренинг өткізді. Сондай-ақ отбасы от басудан басталып кетпес үшін, жастарға кең көлемде кеңес беру үшін семинар – тренингке Жаңақорған ауданының мәслихат депутаты Серiк Абдуллаев, Жаңақорған ауданының мәслихат депутаты Азия Қыстаубаева, “Жаңақорған тынысы” газетінің тілшісі Баян Үсейiновалар қатысып, бүгінгі тақырыпқа қатысты өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісті. Семинар барысында ” Жаңаша” театрының əнші актерлары отбасы тақырыбы төңірегінде қойылым қойды. Шара соңында көрермен қыз-келіншектердің барлығына дерлік гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.