Барымта

“Барымта – ел шулатып, жылқы қуған” (І.Жансүгіров). Ертеде дау-жанжалда есесі кеткен ел өз қарсыластарының малын (жылқысын) күш, қару жұмсап айдап, қуып әкететін болған. “Мұны “барымта” дейді. Кейде мынадай жағдай да болады. Егер қарсы жақ құнға немесе айыпқа мал төлейтін болып кейін уәдесінде тұрмаса, онда даугерлер ол елдің малын барымталап тартып алады. Барымтаны кейде кек қайтару, өш алу мақсатымен де жасап отыратын болған.

Мысалы, М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында Базаралының Тәкежан жылқысын барымталап алуы кең суреттелген. Бұл жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі кездесіп тұрған.

“Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары” кітабынан,
Алматы, 2013 жыл, 64-б.

Н.Хлудов. Барымта