«Қорқыт атаның даналық сөздері” кітабы

Жобаның мақсаты. Қорқыт атаның мұрасын халыққа жеткізу, насихаттау.

Жобаның міндеттері. • «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабының тұсаукесері;
• Қорқыт атаның даналық сөздерінің мәнін жеткізу;
• Кітапты оқу және тәрбиелік процесте қолдану мүмкіндіктерін түсіндіру.

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қорқыт ата мұрасын насихаттау мақсатында 3 тілде «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабы жарық көреді. «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабының бұған дейін баспадан шыққан осы тектес басылымдардан елеулі айырмашықтары мен артықшылықтары бар.

Бұл кітапта Қорқыт атаның даналық сөздері жинақталып, жүйеленіп, түпнұсқасымен салыстырылып беріліп отыр. Еңбек туристер үшін де өте пайдалы болмақ.

2019 жылдың 19 қыркүйегі күні болған «Қорқыт және Ұла дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің қонақтары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейімен және «Рухани жаңғыру» орталығымен танысты.

Фестивальдің бірінші күні А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Тұран – түркі есігі, Қорқыт – жырдың бесігі» атты өнерпаздар концерті өтті. Екінші күні «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция болды. Конференция барысында Қазақ елінің және шетелден келген зерттеуші ғалымдар Қорқыт ата кітабы туралы деректер, Қорқыт ата мұралары мен оны игеру тақырыптарында баяндамалар жасап, пікір алмасты. Сондай-ақ, конференция аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған көрмеге музей қорындағы қобыз түрлері қойылды.

Сонымен қатар, осы конференция шеңберінде «Қорқыттың даналық сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Фестивалдің үшінші күні Қорқыт ата мемориалы музейінде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалінің концерті өтті.

Жобаның көрсеткіштері. «Қорқыт ата кітабы» – түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды. Бүгінгі күні жобаны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Қызылорда қаламгерлерінің Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

Қамтылған халық. Конференцияға Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Иран, Сербия мемлекеттерінің және еліміздің өнертанушы ғалымдары шақырылды. Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнұр Мырзабекова; Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары, доцент, ғылым докторы Билял Чакыджы; «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президенті, «Азербайджан дуниясы» халықаралық журналының құрылтайшысы және редакторы Эльдар Исмаилов; доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбаев және Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Халықтың қамтуы – 2000 адам.

Өткен орны мен уақыты: 19-21 қыркүйек 2019 ж., Қызылорда қ.

Спикерлер:

Сарсенбаева Майра Алшынбекқызы – облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы «Дәстүрлі өнер» секторының меңгерушісі.