«Ізденіс» жасыл академиясының симпозиумы

Жобаның мақсаты. Жасөспірімдер арасында еңбек құндылықтары мен мәндениетін және ғылыми қызметке қызығушылығын арттыру.

Жобаның міндеттері. Ғылыми зерттеулердің маңыздылығын, сонымен қатар мектеп оқушыларының жылыжайда еңбек нәтижелерін насихаттау, жастарды кәсіпкерлік шеберлік пен еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

№ 15 мектеп-лицейінің әкімшілігі оқушылардың өз қолдарымен өсірген қоректік және табиғи өнімдермен оқушыларды қамтамасыз ету үшін жылыжай салды. Жылыжайда тәжірибелік жұмыстар, химия, ботаника, биология, география бойынша тәжірибе жүргізу мүмкіндігі бар.

Жоба көрсеткіштері. Samsung компаниясының қолдауымен өңірдің бірнеше мектептерінде жылыжай салынды. Қазіргі уақытта мектеп жанындағы жылыжайда оқушылар ғылыми жобаларды орындап, жеміс-жидектер мен көкөністерді өсіруде. Жылыжайдағы жұмыс болашақ мамандықты таңдауға ықпал етті.

Қаржыландыру. Демеуші Samsung компаниясы – 2,5 млн. теңге.

Қамтылған халық. Жоба 1000-нан аса адамды қамтыды.

Өткен орны мен уақыты: 12 сәуір 2018 жыл, Қызылорда қаласы, № 15 мектеп-лицейі.

Спикерлер:

Рахат Хамитұлы Құрманбаев – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;

Н. А. Аманбай – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы;

Әлима Жақыпқызы Әбдіқалықова – «Рухани жаңғыру» облыстық орталығының бөлім басшысы;

София Такенқызы Камалова – «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығы Қызылорда филиалының директоры;

Райкүл Мансұрқызы Байназарова – облыстық кәсіподақ төрайымы;

Бауыржан Тажмағанбетұлы Елеусінов – Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының директоры