Батыс философиясының жаңа тарихы. 4-том. Қазіргі заман философиясы – Philosophy in the Modern World: A New History of Western Philosophy, Volume 4

Авторы: Anthony John Patrick Kenny
ISBN-10: 0199546371
ISBN-13: 978-0199546374
Тілі: Ағылшын
Баспа: Oxford University Press
Басылым жылы: 2008
Бет саны: 364
Алғашқы басылымы: 2007
Автор туралы:
Энтони Джон Патрик Кенни – ағылшын философы. Сана және схоластика, Витгенштейн, дін филосиофиясын зерттеген. Томас Аквинстің дәстүрлі томизмдегі заманауи философия стилін көрсету мақсатында Питер Гейчпен бірге аналитикалық томизмді зерттеуге зор үлес қосқан. Витгенштейн әдеби ахуалы орындаушыларының бірі. Ол Британ академиясы мен Корольдік философия институтының бұрыңғы президенті.

Аннотация:
Бұл – философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің  өмірден озуымен аяқталатын ХІХ ғасырдың басты философтары қарастырылды. Қолыңыздағы төртінші томда ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады. «Қазіргі  заман философиясы» деп аталатын оқулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған. Сонымен қоса философия іліміне қызығушылық танытқан оқырманға да лайықталып жазылған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
– University of Oxford
– University of Cambridge
– Harvard University