Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика – Entrepreneurship: theory, process, practice. (10th edition)

Авторы: Donald F. Kuratko
ISBN-10: 1305576241
ISBN-13: 978-1305576247
Тілі: English
Баспа: South-Western College Pub
Басылым жылы: 2016
Бет саны: 465
Алғашқы басылымы: 1994
Автор туралы:
Халықаралық кәсіпкерлік білім беру ұйымының жетекшісі Дональд Куратконың “Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика” атты оқулығы кәсіпкерлік құбылысын жан-жақты зерттей отырып, студенттерді кәсіпкер болудың қыр-сырына үйретеді.

Аннотация:
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кəсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын бастау, жоспарлау, қалыптасу жəне даму сатылары жүйелі əрі дəйекті түрде талданған. Кəсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген.
Кітаптың мақсаты – оқырманды кəсіпкерліктің үздік тəжірибелерімен таныстырып, тəжірибелік жəне эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
– Harvard University
– University of Oxford
– University of Cambridge
– Stanford University
– Princeton University
– Yale University