Философияның қысқаша тарихы – A Brief History of Philosophy from Socrates to Derrida

Авторы: Derek Johnston
ISBN-10: 0826490204
ISBN-13: 9780826490209
Тілі: English
Баспа: Bloomsbury Academic
Басылым жылы: 2014
Бет саны: 224
Алғашқы басылымы: 2006
Автор туралы:
Философияның дамуына айрықша үлес қосқан ойшылдардың тұлғасы мен олардың шығармашылығына арналған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» әр дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғаларды, әдеби және көркем туындыларды философия тұрғысынан талдайды.

Аннотация:
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
– Harvard University
– Oxford University
– Moscow State University