“Жомарт жүрек” жобасы

15 тамыз күні Республикалық “Жомарт жүрек” жобасы салтанатты марапаттау рәсімінің қалалық кезеңі өтті.
Шараның мақсаты: бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші Отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету.
Ал, енді Қызылорда қаласы бойынша жеңімпаздармен таныс болыңыздар!

1. “ЕРЕН ЕРІКТІЛІК” номинациясымен қаламыздың белсенді жас еріктісі, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы СИЮОВ Сағатбек Қуанышбайұлы;

2. «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясымен «Астана сервис ЛТД» ЖШС директоры ӘБДІХАЛЫҚОВ Муса Жақыпұлы;

3. «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясымен «Интегрострой» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты ЫСҚАҚОВ Бақдәулет Құлбекұлы;

4. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қоры;

5. «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен Қызылөзек ауылының тұрғыны, «Сұңқар ССК» ЖШС бас механигі, «Қанат» шаруа қожалығының төрағасы ІЗБАСҚАНОВ Қайрат Маханбетиярұлы марапатталды.

Айта кету керек, аталмыш жоба биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 7 аудан мен қаладан жоғарыдағы номинацияға лайық деп танылған азаматтар облыстық кезеңге қатысып, жеңімпаздар Республикалық “Жомарт жүрек” байқауына жолдама алады.