«Ұлттық рух және рухани жаңғыру идеясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру» тақырыбында шығармашылық алаң өтті

Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен оқу орталығының базасында «Ұлттық рух және рухани жаңғыру идеясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру» тақырыбында шығармашылық алаң өткізілді. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол» бағдарламалық мақаласының идеясы аясында оқушыларды қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мектептердегі тәрбие беру жүйесіндегі әлеуметтік жобалармен таныстыру, тәрбие мамандарының кәсіби дамуын жетілдіру, тәрбие бағытындағы инновациялық тәжірибелерді насихаттау. Шығармашылық алаң барысында 40-қа жуық қалалық мектептерден келген жас мамандар сәтті жүргізіліп жатқан әлеуметтік жобалармен, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік ел» бағдарламалық мақалалар аясында жүргізілген іс-шаралармен, НЗМ тәжірибесін енгізудің оңтайлы жолдарымен және оның тиімді тəсілдерімен танысты. Қатысушылар өзара тығыз қарым-қатынас жасап, сұрақтарына жауап алды.