“Ұлттық құндылықтар және салауатты өмір салты” атты апталығының ашылу салтанаты

10 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салт – дәстүрімізден келе жатқан ұлттық ойындарды жаңғырта отыра, оқушыларға олардың мәні мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында “Ұлттық құндылықтар және салауатты өмір салты” атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату, ләңгі тебу, бес асық ойыны, арқан тартыс ойындары ойнатылды. Шараға 5-7 сынып оқушылары қамтылды. Жарыс соңында барлық қатысушылар “Алғыс хаттармен” марапатталды.