Қызылорда облысы бойынша «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қорытындысы

2 қазан күні Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпазы атанған 27 оқушы, 25 мұғалім қатысты. Облыстық кезең қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды. 

I орын иегері (1 000 000 тенге) – Гүлзира Қонысбай, жетекшісі (2 000 000 теңге) – Гүлфайруз Әлішева (Қазалы ауданы)

II орын иегері (600 000 теңге) – Даяна Толыбаева, жетекшісі (1 200 000 теңге) – Мереке Қайнарова (Қармақшы ауданы)

III орын иегері (300 000 теңге) – Гауһар Әзен, жетекшісі (600 000 теңге) – Жадыра Көшекпаева (Қазалы ауданы)