Жалағашта республикалық ақындар айтысы өтті

Kyzylorda-news.kz. «Алтын дән – 2019» және Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай Жалағаш ауданында «Тариxы терең, еңбегі ерен – Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Ақындар айтысын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыста Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы сөз алып, жыр жампоздарына сәттілік тіледі.

«Бүгін, міне, халқымыздың бай мәдени мұрасын сандығында сақтап, ұрпағына ұлықтаған Сыр өңірінің Жалағаш жері айтыс өнерін өмірім деп білген айтулы ақындардың басын қосып отыр. Елімнің жетістігін, дәннен тау тұрғызған еңбеккерлерді, туған жеріміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қайраткерлерді жырлаймын деп келген айтыс ақындарынан суырыпсалма өнердің құдіретін, көркем ойдың кереметін күтеміз – деді аудан әкімі.

Айтысқа Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан, Орал, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қызылорда облыстарынан 10 айтыскер қатысты.

Айтысқа ақын, сазгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Елена Әбдіxалықова, ақын, журналист, публицист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Қалиолла, ақын Қалқаман Сарин, және Сыр бойы газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілда төрелік жасады.

Сайыс нәтижесінде Шалқарбай Ізбасаров ІІІ орынды иеленсе, Айдос Раxметов ІІ-ды қанжығасына байлады. Ал І орын мінберінен Талғат Мықи көрінсе, бас жүлдеге Мұxтар Ниязов ие болды.

Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.