Қызылордада «Асыл мұра» атты этнофестиваль өтеді

Kyzylorda-news.kz.  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жастар мен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтар мен мәдениетті насихаттау, өскелең ұрпақ санасына ұлттық код ұғымын сіңіру мақсатында Қызылорда қаласында «Асыл мұра» атты этнофестиваль өтеді.

Фестивальді жастар мен жасөспірімдер арасында «Жас ұлан» ББЖ қозғалысын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысы «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатыр.

Шара 23 қазан күні сағат 9.00 облыстық Жастар ресурстық орталығында басталады.

«Асыл мұра» этнофестивалінің

ЕРЕЖЕСІ:

І-бөлім: «Ұлттық мәдениет»

1.Қызылорда облыстық өлкетану мұражайы экспозициясы таныстырылымы,

2.Фестивальдің ашылуы

ІІ-бөлім.«Ұлттық жәрмеңке»

1.«Ұлы дала өнері» тақырыбында қолөнер шеберлер көрмесі.

Көрмеде оқушылар бабадан жеткен қолөнер туындыларын, Ұлы даланың сан қырлы тарихынан сыр шертетін аса мол археологиялық ескерткіштерді, насихаттайды, сонымен қатар, көрпе, түскиіз, сырмақ, кесте, саз, тас, ағаш, мата, жүн, теріден жасалынған бұйымдар, зергерлік бұйымдарды, ағаш ыдыс-аяқ, астауларды көпшілік назарына ұсынады.

(Әр жұмыстың атауы болуы керек. Қорғау уақыты- 2 минут)

2.«Ұлт символдары балалар қолымен» (қатысушылар киіз үй, шаңырақ, «Рухани жаңғыру» символикасы, домбыра, қобыз т.б. дүниелерді (әрқайсысын 10 данадан) шағын түрде (төсбелгі, сувенир, т.б ретінде) дайындап әкеледі, жасалу жолдарын түсіндіреді.

(Әр жұмыстың атауы болуы керек. Қорғау уақыты- 2 минут)

3. «Ұлттық тағам-ұлт мақтанышы»

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға,қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.Тағамдардың жасалу жолдарынан түсінік беру.

(3-тен кем емес ұлттық тағам түрлерін ұсынады. Қорғау уақыты – 2 минут)

4.Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» ұлттық спорт сайысы

– «Асық ату»(ұлдар үшін, бір ойыншыдан)

– «Бас асық (тас)» (қыздар үшін, бір ойыншыдан)

Ескерту:

1) Әр жұмыс бойынша 8 х 13 көлеміндегі этикетка дайындалып әкелінуі тиіс (бұйымның атауы, жетекшінің аты- жөні, оқушының аты- жөні, аудан, қала, мектеп атауы, сыныбы жазылады).

2) Жәрмеңке барысында бұйымдарды жасау, дайындау тәсілдерін практикалық тұрғыда көрсетулері тиіс (2-3 бөлімдер бойынша).

Қатысу шарттары: Фестивальға қатысу туралы өтініштер үстіміздегі жылдың 20 қазанына дейін ,қатысушылар команда болып қатысады.

Akmyrzaeva71@mail.ru поштасына қабылданады. Анықтама телефоны: 8(724) 26-38-05. 87016747767.