«Жаңғыру жолы» жастары ауылға барды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Бесарық ауылдық округінде экскурсия болып өтті.  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесі мүшелері қатысқан шарада кейінгі толқын өкілдері ауыл тынысымен танысты. 

Экскурсияға қатысушылар алдымен ауылдық округтің мұражайында болды. Мұражайдағы жәдігерлермен танысып, олардың пайда болу тарихынан мәлімет алды. Сонымен бірге, білім ауылдағы мектепте, мәдениет үйінде болып, «Әжелер» ансамблінің өнерін тамашалады.

Ел азаматтарының арқасында Бесарық ауылы бүгінде берекелі елдімекенге айналған. Түтіні түзу ұшқан ауылдың қарыштап дамуына «Абай-Дәулет» ЖШС компаниясы өз үлесін қосып келеді. Компания кластерлік экономика бағытын ұстанып, күріш өндірісі, қой, түйе, бал мен бақша шаруашылығын қатар дамытып келеді.

Облыстық “Рухани жаңғыру” орталығы