Сырдарияда аламан айтыс өтеді

Kyzylorda-news.kz. Айтыскер ақын, өтірік айтыс жанрының майталманы Замаддин Ибадуллаевтың 80 жасқа толуына орай 2019 жылдың 19 қазан күні сағат 13.00-де Сырдария аудандық мәдениет үйінде «Заңғар ақын – Замаддин» атты облыстық ақындар айтысы өтеді.

Айтыс додасына түсетін ақындар: Мұхтар Ниязов – Қызылорда қаласы, Нұрмат Мансұров – Сырдария ауданы, Ержеңіс Әбдиев – Арал ауданы, Марат Сүгірбай – Қазалы ауданы, Бексұлтан Орынбасар – Қазалы ауданы, Тұрар Бекмырзаев – Қармақшы ауданы, Мейрамбек Ибрагимов – Шиелі ауданы, Ержан Әміров – Шиелі ауданы, Ерасыл Бәйментай – Сырдария ауданы және Мұхамеджан Бағдатұлы – Сырдария ауданы.

Аламан айтысты тамашалауға шақырамыз!